Арменияда өрттен 15 әскери қызметкер қаза болды

Арменияның әскери бөлімдерінің бірінде қаңтардың 19-ына қараған түні өрт болды. Қайғылы оқиға салдарынан 15 әскери қызметкер қаза болып, үш адам ауыр халде ауруханада жатыр, деп хабарлайды елдің қорғаныс министрлігінің Facebook желісіндегі ресми парақшасы.

Sputnik Армения басылымының хабарлауынша, өрт Гегаркуниктегі Азат ауылының аумағында, инженерлік-саперлік ротаның казармасында болған.

Басылымның дерегінше, өрт-құтқару жұмыстарына қарамастан тілсіз жаудан бірнеше адам қаза тапқан. Арменияның қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, қайғылы оқиға салдарынан 15 әскери қызметкер мерт болып, үш адам ауыр халде жатыр.

Сонымен бірге басылым казармадағы өртті сөндіру үшін бес сағат уақыт кеткенін айтады. Бұған қоса Армения президенті Ваагн Хачатурян екінші әскери корпус қолбасшысы Ваграм Григорянды отставкаға жібергендігі белгілі болды. Кейін Армения СК басшысы Аргишти Кярамян әскери бөлімшеде өрттің шығуына жанғыш заттармен, оның ішінде бензинмен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерінің сақталмағандығын атап өтті.

Оның сөзінше қазіргі таңда оқиға орнында тергеушілер жұмыс істеуде. Бұдан бөлек, алдын ала болжам бойынша әскерилер бензинді пеште от жағу үшін қолданған. Ал ел премьер-министрі Никол Пашинян бұйрық бойынша, пеште от тұтату үшін, бензинді пайдалануға болмайтынын атап өтті.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago