Кемал Қылыштароғлы Түркия президенті болып сайланса, Армения Ұлттық мәжілісі ОДКБ-дан шығу бойынша Жол картасын қабылдамақ. Армения Премьер-Министрі Никол Пашинян мен оның «Азаматтық келісім» партиясы Жол картасының жобасын алдын-ала дайындап қойған. Мәскеу парадынан келгеннен кейін, Пашинян жақтастарына осы жұмысқа барынша көңіл аударуды тапсырды.
Түркиядағы сайлаудың екінші туры 28 мамырда өтеді. Президент сол күні анықталмақ. Қылыштарұлы Армения мен Әзірбайжан арасындағы дауға Еуроодақ позициясымен қарап отыр. Пашинян Таулы Қарабақта тұрған Ресей (ОДКБ) әскерлерінің кетіп, орнына БҰҰ контингентінің келгенін қалайды. Себебі, оның ойынша қазіргі ойыншық бітімгерлерді Баку адам құрлы көрмейді.
Қылыштароғлыға жақын болу үшін Армения өзінің Ресей құрсауынан барынша босағанын көрсетуге дайын. ОДКБ-дан кейін, егер Ресей Қырымнан айрылса, Армения Еуразиялық экономикалық одақтан да кетуге де арнайы Жол картасын жасауда.
Ереван Грузия жолын таңдап отыр. Негізгі түпкі мақсат — Еуроодақ мүшесі болу. Ол үшін Пашинянға Кемал Қылыштароғлының жеңісі ауадай қажет.