Categories: Қоғам

«Арселор» Қарағанды өңірінде жарылыс жасай жаздады

Қазақстандағы металлургиялық ірі кәсіпорын – «АрселорМиттал Теміртау» басшылығы сот шешімдерін елемей, заңсыздыққа жол беріп, жұмысшылар ұжымның берекесін қашырып жүр.

Әлемге әйгілі бизнесмен Лакшми Митталдың 1996 жылдан бері Қазақстандағы темір өндірісін басқаруды сеніп тапсырған адамдары нашар басшы боп шықты. Ондаған мың кенші мен металлургке жұмыс беруші, экономикадағы нақты сектордың маңызды ойыншысы бола тұра, «АрселорМиттал Теміртау» (АМТ) осы уақытқа дейін өзінің ең басты активі – адамдарын аяу керектігін ұқпаған екен. Өндіріс басында қаза табатын жұмысшылар, еңбек құқығының сақталмай жататыны, қауіпсіздік талаптары мен еңбек жағдайының бұзылуы – мұнда жиі болатын жағдай еді.

Жақсылықты біреуге қимаймыз

Бұл кәсіпорында кадрлармен жұмыс істейтін топ-менеджерлер лауазымына тек жергілікті кадрлар тағайындалады. Қожайыны үндістандық болған соң, кәсіпорын осындай талап қояды – өздері өздерімен оңай келісер деп. Бірақ әлгі жергілікті кадрлар ұжымның мүддесінен бұрын жеке мүдделерін жоғары қойыпты.

Күні кеше АМТ-да бір үлкен дау бұрқ ете қалып, жағдайға Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің өзі араласуға мәжбүр болды.

Соңғы тоғыз жылдан бері кәсіпорын жұмысшыларын тамақпен қамтуға, «Шахтер» демалыс үйі мен «Жартас» санаториінің күтіміне келісімшарт негізінде қарағандылық Backup Service Resorts компаниясы жауап береді. Жұмысы ауыр өндіріс орнында асханалардың үздіксіз жұмыс істеуі әлеуметтік тұрақтылықтың кепілі екені түсінікті.

Алайда компания технологиялық үрдістерін модернизациялаудан ақша аяп, оның соңы өндіріске нұқсанын тигізді. Кәсіпорындағы асханалар күні кеше санитарлық-эпидемологиялық биліктің бұйрығымен жабылып қала жаздаған. Асханалардағы санитариялық жағдайдың талаптарға сай болуына АМТ жауап беруі тиіс, бірақ ірі айыппұлдар мен қызмет көрсетуді уақытша тоқтату сияқты жазалар жұмысшыларды тамақтандыратын ЖШС-ке тиген.

Сөйтсек, бұл дау-дамайдың шығуына кәсіпорын қожайындарының жауапсыздығы емес, асханаларда тамақтандыру құқығы үшін өзара қырық-пышақ болғандардың ішкі таласы себеп екен.

Асхана бизнесі үшін талас

Сөйтсек, бір жылдан астам уақыт бұрын кәсіпорынға атқарушы директор болып «Қазақмыстан» келген Әлішер Әбенов тағайындалған екен. Келе сала әлгі Backup Service Resorts компаниясын АМТ-дан қуып шығуға кірісіпті. Ол комбинатқа өзінің «Ұлы дала» деген ЖШС-ін әкелмек болыпты. Сол үшін бәсекелеске күйе жағып, оны қалай да ығыстыруды шешкен.

Әлішер Әбенов, фото inbusiness.kz

Әбенов келгелі комбинат Backup Service Resorts келісімшарттары бойынша міндеттемелерін қасақана орындамаған. Асханаларға, санаторий мен демалыс үйіне шұғыл жөндеу жүргізуді сұраған мердігердің 80 рет жолдаған хатына бір жауап бермеген. Тіпті санитарлық жағдайдың бұзылуына байланысты мемлекеттік қадағалау органдары жіберген ескертулерді де елемепті.

Ақыр аяғы АМТ тіпті Backup Service Resorts көрсеткен қызметтердің ақысын төлеуді тоқтатыпты. Ал ЖШС комбинат иесіне келіскен міндеттерін орындату үшін сотқа жүгінуге мәжбүр болды. Бірақ комбинат басшылары соттың шешімін де пысқырмады. АМТ соңғы уақытта өзінің көптеген мердігерлеріне миллиардтаған теңге қарыз болып отыр, өзі «әлеуметтік жауапкершілік арқалаған бизнеспіз» деп бөседі.

2022 жылдың көктемінде АМТ Әлішер Әбеновті орнынан босатты. Бірақ кәсіпорында әлі де соның адамдарды қалған, асхана бизнесін өз қолдарына алу үшін әлі жүр жанталасып. Сол себепті АМТ әкімшілігі асханалардағы санитарлық қауіпсіздікке қарамайды, азық сақталатын қоймаларға жабдықтар жетпей тұрғанына мән бермейді. Өйткені олардың бар мақсаты – конкурентті қуып шығу.

Болар іс болды

Шілдеде Backup Service Resorts сот шешімімен санитариялық айыптар бойынша кінәлі деп танылып, оған 500 АЕК айыппұл салынды, ал асханалар санитарлық кінәраттар жойылғанша бір айға жабылсын деген үкім шықты.

Тамызда келісімшарт бойынша мердігеріне санитарлық-техникалық талаптар сай келетін асханалар ұсынуға міндетті АМТ-ның не жөндеу жасайтын да, не жабдық алатын да құлығы жоқ екені әбден белгілі болды. Содан Backup Service Resorts басшылығы комбинат әкімшілігіне 23 тамыздан бастап алты асхананың жабылатынын, анықталған санитарлық талаптардың бұзылуы біздің кінәміз емес, деп ескерту жазды амалсыз.

Кәсіпорындағы жұмыс – түсте көрші кафеге жүгіріп барып келетін жұмыс емес. Енді жүздеген жұмысшы тамақсыз қалатын болды. Әлішер Әбенов пен оның командасы дегендеріне жетті – еліміздегі онсыз да дауы бітпейтін өндіріс орнында әлеуметтік жарылыс болуға шақ қалды. Қарағанды облысының әкімі келіп құтқармағанда.

Әкім Жеңіс Қасымбек жағдайды жеке бақылауына алып, алдағы үш айда асханаға таласып жүргендердің мүдделер дауын бірдеңе қылып реттейтін шаралар қабылдауға уәде берді. Қазақстан азаматының өз елінде қауіпсіз және адамға жағдай жасалған еңбекпен қамтылу құқығы бар. Бірақ қазақ жеріне келген шетелдік инвестордың дәл бұлай бұра тартушылығын қайда қоямыз?

Жоғары жалақы алып келген, АМТ-дағы еңбек қатынастары жөніндегі директор Сағадат Қуаныш өзінің тікелей міндеттерін неге дұрыс атқармаған? Айтпақшы, Қуаныштың кәсіпорынмен еңбек келісімшарты осы қазан айында аяқталады деседі. Басқа жұмыс қарап жүр екен, бірақ осы асхана дауы оның имиджіне теріс әсер етері анық. «Арселор» оны өзіндегі басқа жұмысқа қабылдай қоймас, деп үміттенеміз.

Айдын Қайнарұлы

Recent Posts

БҚО-да 57 жаңа үйдің құрылысы басталды

Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен елді мекен тұрғындары үшін 357 жаңа үйдің құрылысы…

3 часа ago

Пара беруге итермелеген алаяқтар 10 жылға сотталды

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен «№2 және №5 нан базасы» «Астық қоймалары»…

11 часов ago

Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Исахов 8 жылға сотталды

Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Мақсұт Исаховқа сот үкімі шықты. Экс-шенеунік 2023 жылдың шілдесінде тұтқынға…

11 часов ago

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

3 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

3 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

3 дня ago