ХҚКО демалыс күндері қалай жұмыс істейді?

28, 29 және 30 тамызда Конституция күнін тойлауға орай Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен Арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы айтты.

Облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалалардағы кезекші Халыққа қызмет көрсету орталықтары 29 тамызда сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.

«Қазпошта» АҚ тарапынан жоспарланған техникалық жұмыстарға байланысты 29 тамызда кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтарында кассалар арқылы мемлекеттік баж салығын төлеу мүмкін болмайды. Мемлекеттік қызметтерді банктік қосымшалар мен QR коды арқылы төлеуге болады,

делінген хабарламада,

27 тамыз, сенбі жұмыс күні болады. ХҚКО және арнайы ХҚКО клиенттерді әдеттегі кесте бойынша қабылданады. 31 тамызда ХҚКО мен арнайы ХҚКО жұмысын жалғастырады.

Айта кетейік, ХҚО әдеттегідей дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Кезекші ХҚО дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбіде 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

Қазақстанның Украинадағы елшілігі Нұрбай атаны құттықтады

Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери атташе кеңсесі офицерлерінің қатысуымен Ұлы Отан…

17 минут ago

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

6 дней ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

7 дней ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

1 неделя ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

1 неделя ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

1 неделя ago