«АрселорМиттал Теміртау» компаниясына қатысты қатаң шешімдер қабылданып жатыр. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді, деп хабарлады Zakon.kz.
Қайырбек Өскенбаев Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бірнеше комиссия құрылып, оларда түрлі министрліктерден 70-тен астам маман жұмыс істеп жатқанын айтты.
«АрселорМиттал Теміртау» басшыларына қатысты қатаң шешімдер қабылданып жатыр, оны жақын арада біле аласыздар. Тіпті «АрселорМиттал Теміртау» Қазақстанда жұмыс істей ме, жоқ па деген сұрақ көтеріліп жатыр,
деді министр.
Еске салайық, 8 желтоқсанда «АрселорМиттал Теміртауда» бір жұмысшы қайтыс болды.