Мұндай шешім қайғылы жайтқа байланысты қабылданды.
«АрселорМиттал Теміртау» шахталары өз жұмысын тоқтатты. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин хабарлады.
Еске салайық, 3 қараша күні «АрселорМиттал Теміртау» шахтасында жарылыс болып, 4 адам қаза тапты. Кейін жарылыстан қаза тапқан бесінші адамның денесі табылды. Көп ұзамай қайтыс болған жұмысшылардың есімдері жарияланған болатын.
Сондай-ақ Қарағанды облысының әкімі қайтыс болған кеншілердің отбасына мемлекет тарапынан көмек көрсететілетінін мәлімдеді. Ұжымдық еңбек шартына сәйкес, бұл отбасыларға шахтерлердің 10 жылдық еңбекақысы төленіп, әрбір отбасыға қосымша пәтер беріледі.