18 қаңтар таңертең диаметрі 2200 мм коксты газ құбыры опырылып құлаған.
Компанияның айтуынша, салдарынан ұзындығы 20 метр болатын учаске бүлінді.
Зардап шеккендер жоқ, оқыс жағдайдың себептері анықталып жатыр,
делінген хабарламада.
Айта кетейік, «АрселорМиттал Теміртау» компаниясында оқыс оқиға саны жылдан-жылға көбейіп жатыр.