Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі тағы 1 айға ұзартылды. Бұл туралы Астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу соты хабарлады.
20 желтоқсанда Астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті А.Мұхамедиұлына қатысты белгіленген күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін 1 айға ұзартты,
делінген хабарламада.
Еске салсақ, 2022 жылғы 29 мамырда Арыстанбек Мұхамедиұлы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен қамауға алынды. Оған «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізу жөніндегі мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында 146 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылды.