«Қарыз болсаң – қашып жүрме»: Бағлан Әбдірайымов қарыздан құтылудың жолдарын айтты

Кезінде казинодан ақша ұтылып, 200 мың доллар қарызға кіріп кеткенін мойындаған әнші Бағлан Әбдрайымов Stan.kz сайтына берген сұхбатында қарыздан қалай құтылғанымен бөлісті.

Әншінің айтуынша, адам қарызсыз өмір сүруі екіталай. Адамдар арасындағы алыс-беріс қалыпты дүние. Бастысы қашпай, сөйлесу керек, ақылдасу керек.

Үлкен қарызға кіріп кеткен, кәсіпте жүрген немесе кезіндегі мен сияқты адасып қарызға кіріп кеткен адамдар болса сөйлесу керек (қарыз берушімен — автор). Адам адамды кешіреді. Адам адамды түсінеді. Мен 4-5 адамға қарыз болып, оларды шайға шақырып, бәрін ашық айттым. Ренжігендер де болды, «күтпеймін» дегендер де болды. Бірақ уақыт сұрап, аз-аздан қайтаруға келісіп алдық. Негізі мен тоғыз айда қайтарып беретін болып келіскен едім. Тоғыз ай емес, төрт жыл қайтты ғой. Ең адамның жүйкесін қоздыратын нәрсе – қашып жүру. Қарыз болсаң, назардан жоғалма. Хабарласса – жауап бер. Ол да адам ғой. Ашығын айтып, түсіндір,

дейді әртіс.

Естеріңізде болса, Бағлан Әбдрайымов құмар ойындардың құрбанына айналып, одан қалай емделіп шыққаны туралы кітап та жазған болатын. Әртістің айтуынша, «Ақ пен қара» кітабы 13 000 данамен шығарылған. Қазірде сатылымда 2000 данасы қалды.

Болашақта әнші адамдарға шабыт, мотивация беретін тағы бір кітап жазбақшы.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago