Елімізде ұлттық валюта теңге болғандықтан, барлық баға белгілері ұлттық валютада көрсетілуі керек.
Астанадағы азық-түлік дүкені бағаларды рубльмен белгілегені анықталған еді.
Ерұлан Жамаубаев аталмыш оқиғаға байланысты пікірін білдірді. Министр мұндай фактілердің жолын кесу керек екенін, оның ішінде дүкен қызметкерлерін жазалау керек екенін айтты. Сондай-ақ бұл супермаркет қызметкерлерінің қатесі болуы мүмкін екенін де ескерді.
Егер мұндай фактілер болса, бұл заңсыз. Ұлттық валютамыз – теңге. Барлық баға белгілері ұлттық валютада көрсетілуі керек,
деді Ерұлан Жамаубаев үкімет кулуарында.

Сондай-ақ министр қосалқы бағаны да белгілеуге болмайтынын жеткізді.