Қаржы министрлігі елорданың бұрынғы атауы қайтарылса, бұған қосымша қаржы кетпейтінін хабарлады.
Парламент елорданың бұрынғы атауын қайтару туралы шешім шығарса, мемлекеттік органдарға ғимараттардағы маңдайша жазуды ауыстыруға және бланк өнімдерін өзгертуге қаржы керек болады. Бұл кезең-кезеңімен жүзеге асады,
делінген министрлік таратқан хабарламада.
Ведомство мұндай өзгерістерді мемлекеттік органдарды ұстау үшін жоспарланған қаражат аясында қарастыруға болатынын атап өтті. Министрліктің хабарлауынша, қосымша ақша бөлудің қажеті жоқ.
Бұған дейін Мәжіліс депутаттарының елорда атауын қайтару туралы ұсынысы мемлекет басшысы келісімімен Конституциялық заң жобасына енгізілгенін хабарланған еді.
Елорда атауын қайтаруды «Жаңа Қазақстан» депутаттар тобы ұсынды.