Categories: Экономика

Қашаған мұнайының табысы бюджетке түспейді

Nege.kz порталы жазғандай, Қашағаннан Қазақстанға пайда түсе бастау үшін оның жылдық мұнай өндіру көлемі 3 миллиард баррельден асу тиіс. Бірақ шетелдік компаниядан құралған консорциум – NCOC бұл межеге жетуге асықпай отыр. Себебі, ол шетелдіктерге тиімсіз. Ал қазір біздің Қашағаннан алып отырған үлесіміз небәрі 2 пайыз ғана.

Инвесторлар Қашағанды асықпай, 2060 жылға дейін игермек. Олардың қазіргі қарқынына қарап, Қазақстанның аталған кен орнынан тек 2037 жылы ғана дивиденд түсіре алатынын топшылауға болады.

«Бұл кен орнындағы өндірісті айтарлықтай ұлғайту үшін қажет ірі инвестицияларды кейінге қалдыру», – деп жазады, EnergyNavigator. Инвесторлардың көзқарасы бойынша бұл тәсіл өте қисынды болып көрінеді, өйткені олар осылайша жобадан ұзақ уақыт бойы қаржы алып отырмақ.

Қазақстан үшін ол тиімсіз. Біздің еліміздің Қашағандағы қуатты көбейту бойынша тағы инвестиция салу, мұнайдың тәулік бойғы өндірісін еселеп арттыру бойынша талаптарын – NCOC, яғни шетелдік инвесторлар пулы әртүрлі себептерді алға тартып, орындамай келеді.

«CNN агенттігінің мәліметінше, Қашаған – ең қымбат энергетикалық жоба. Оның инвестициялары 60 миллиард доллардан асты, бірақ салық төлемдері өте төмен деңгейде қалып отыр», — деп жазады, «ҚазСервис» одағының бас директоры Нұрлан Жұмағұлов.

«Неліктен? Себебі, Қашаған Өнімді бөлу туралы келісім арқылы жұмыс істейді. Инвесторлар шығындарын қайтармайынша (Libor +2,5%) немесе Қашаған 3 миллиард баррель мұнай өндіруге жеткенге дейін Қазақстанның ондағы үлесі 2% болып қала береді»

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев инвесторларға Қашағанды ​​толық көлемде игеру бойынша 2021 жылдың соңына дейін ұсыныс әзірлеу туралы екі рет айтты. Инвесторлар сонда да үнсіз отыр. Өйткені, олар мұнай өндірісін ұлғайтса, шарт бойынша 3 миллиард баррель көлемі келісімдегі өнімді бөлу мерзімінен ерте келетін болады. Инвесторлар қазір Қазақстанға көп ақша салмай, мүмкіндігінше өз қаржыларын қайтарып алу стартегиясын ұстанып отыр.

Қазіргі кезде консорциумның құрамына әлемдегі ең ірі және анағұрлым тәжірибелі жеті энергетикалық компания кіреді. Олар: «ҚазМұнайГаз» (16,88%), «Eni» (16,81%), «Shell» (16,81 %), «ExxonMobil» (16,81%), «Тотаl» (16.81%), CNPC (8,33%)  және «Инпекс» (7,56%) компаниялары.  

Осының ішінен шетелдік компаниялардың көздегені бір, ал мемлекет атынан сөйлейтін «PSA» компаниясы мен ҚазМұнайГаздың көздегені басқа болып отыр. Шетелдіктер табысты асықпай сормақ. Біздікілер күткісі келмейді. Олар да табысты бөлуге қатысқысы келіп отыр.

Айдын Қайнарұлы

Recent Posts

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

5 часов ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

1 день ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

4 дня ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

4 дня ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

4 дня ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

4 дня ago