Бұл оның Қазақстанға алғашқы мемлекеттік сапары. Оны әуежайда премьер-министр Әлихан Смайылов қарсы алды.
Үкіметтің хабарлауынша, сапар барысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түрікменстан басшысы Сердар Бердімұхамедов өзара іс-қимыл мәселелерінің кең ауқымын, сонымен қатар өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылайды деп жоспарланған.
Сонымен қатар Сердар Бердімұхамедов ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына және «Орталық Азия – Ресей» саммитіне қатысады.