Астанаға Қытай төрағасы Си Цзиньпин келді

Видеоны Ақорданың баспасөз қызметі жариялады.

Астана әуежайына Си Цзиньпиннің ұшағы қонды. Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген ҚХР Төрағасын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев күтіп алды.

Екі жылдан астам уақыт бойы сырт елдерге шықпаған Си Цзиньпиннің алғашқы сапары біздің елден басталуы тегін емес. Өйткені Қазақстан қазіргі күнде Қытайдың Еу­ро­паға ашылған «терезелерінің» біріне айналды. Бұл екіжақты кездесуде Қазақстан-Қытай қарым-қатынастарын нығайту жолдары талқыланатын болады.

Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуі сөзсіз саяси маңызы зор оқиға болды. ҚХР басшысы одан кейін Өзбекстанда 15-16 қыркүйек күн­дері өтетін Шанхай ынтымақтастығы ұйымының саммитіне қатысады. Қытай басшысының сапары Қазақстан ғана емес, тұтас Орталық Азия үшін де маңызды болатыны анық.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

2 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

3 дня ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

6 дней ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

6 дней ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

6 дней ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

6 дней ago