Видеоны Ақорданың баспасөз қызметі жариялады.
Астана әуежайына Си Цзиньпиннің ұшағы қонды. Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген ҚХР Төрағасын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев күтіп алды.
Екі жылдан астам уақыт бойы сырт елдерге шықпаған Си Цзиньпиннің алғашқы сапары біздің елден басталуы тегін емес. Өйткені Қазақстан қазіргі күнде Қытайдың Еуропаға ашылған «терезелерінің» біріне айналды. Бұл екіжақты кездесуде Қазақстан-Қытай қарым-қатынастарын нығайту жолдары талқыланатын болады.
Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуі сөзсіз саяси маңызы зор оқиға болды. ҚХР басшысы одан кейін Өзбекстанда 15-16 қыркүйек күндері өтетін Шанхай ынтымақтастығы ұйымының саммитіне қатысады. Қытай басшысының сапары Қазақстан ғана емес, тұтас Орталық Азия үшін де маңызды болатыны анық.