Categories: Қоғам

Астана халқының тең жартысы көшеде «баклажка» ұстап, су іздеп жүр – депутат

Мәжілістегі үкімет сағатында депутат Нартай Сәрсенғалиев елордадағы су тапшылығы мәселесін көтерді.

Депутат 24 сәуірде Астана әкімінің атына су мәселесі бойынша хат жазған. Айтуынша, жауап әлі келген жоқ.

Қазір баршаңыз білесіз, Астана халқының тең жартысы көшеде баклажка ұстап, су іздеп, қаңғып жүрген жайы бар. Өйткені жарты жылға жуықтады – Астанада үйлерде су жоқ. Мінекей, соңғы бір-екі тәуліктің көлемінде санаулы сағатқа ғана берілгені болмаса, халық мүлде сусыз отыр. Мұның себебін сұрағанымызда, Астана әкімдігі «сорғы-сүзгі станциясының үшіншісін саламыз, 2023 жылдың соңында ол толық іске қосылады, сол кезде су тапшылығы шешіледі» деді. Бұл нақты ма, жоқ па деген сауалымызға сол күйі жауап берген жоқ,

дейді Сәрсенғалиев мәжілістегі үкімет сағатында.

Астана әкімдігінің ақпаратынша, аталған сүзгі-сорғы станциясы судың өндірістік-қуаттылық тапшылығын 2026 жылға дейін ғана шешеді.

Демек, 2026 жылы бас қаланың тұрғындары тағы да су іздеп жүруге мәжбүр бола ма?,

деп ашынды мәжілісмен.

Сондай-ақ ол елордадағы жылу тапшылығы мәселесін де көтерді.

Алдыңғы хатыма келген жауапта Астана қаласының әкімдігі қазір қалада 403,9 гигакалория жылу энергиясы жетіспейді, бұл ауа температурасы минус 23 градустан төмендегенде, қалада жылу тапшылығы болады деді. Демек енді су жетпегендей, жұрт жылусыз да қала ма? Бұл мәселе қалай шешіледі? Жылу мен судың жетіспейтінін біле тұра, құрылыс компанияларына жаппай жер беріп, үй салуына қай әкім рұқсат берді, оның қандай ниеті болды? Осының анық-қанығын білгіміз келеді,

деп сұрады депутат Астана әкімдігінің өкілінен.

Үкімет сағатына онлайн қатысқан қала әкімдігінің өкілі су мәселесі жаздың соңына дейін шешілетінін айтты.

Су бойынша шілде айының соңында біз үшінші сорғы-сүзгі станциясын бітіреміз, іске қосамыз. Ал басқа сұрақтарға ресми түрде ақпарат береміз,

деп қысқа қайырды әкімдік өкілі.

Еске салсақ, биыл 28 наурыздан бастап елордада суды үнемдеу шаралары енгізілді. Осыған байланысты «Астана су арнасы» кәсіпорны су қысымын реттеу кестесін жариялады – белгілі бір уақытта тұрғын үйлерде су қысымы төмендейді және жоғарылайды. Су қысымын реттеу шаралары жаңа су сорғылау-сүзгілеу станциясы іске қосылғанға дейін атқарылады.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago