Қоғам

Астана әкімдігі жеміс-жидек көрмесіндегі «жабайылықты» түсіндірді

Астана қаласының әкімдігі демалыс күндері ЭКСПО маңында ұйымдастырылған тәжік жәрмеңкесіндегі «жабайылықты» түсіндірді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

26 тамызда Қазақстандағы Тәжікстанның мәдени күндері аясында Астанада ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп тауарларының көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Оған 300-ден аса ауыл шаруашылығы кәсіпорны мың тоннадан аса өнім жеткізген-ді.

Жәрмеңкеде ауыл шаруашылығы өнімдері тегін таратылды. Әлеуметтік желіде тараған видеодан адамдардың түрлі өнімді жанталасып алып жатқанын көруге болады. 

Шынында да адамдар ауыл шаруашылығы өнімдерін алып кетті. Тәжікстандық әріптестеріміз «Өнімдерді алуға болады. Себебі олар күннің астында бұзылып кетуі мүмкін» деген ұстанымда болды. Тауарлар (тұрғындардың) қызығушылығын тудырды.

Бүгінде бізде Тәжікстаннан қарбыз әкелінбейді. Өйткені оны тасымалдау өте қымбат. Сондықтан адамдар Тәжікстаннан әкелінген тәтті қарбыз бен қауынның дәмін татуға қызықты. Шынында олар өте дәмді болды. Мен одан ауыз тиіп үлгердім.

Сондықтан адамдар тәжік достарымыздың өнімінен дәм татқысы келді деп ойлаймын,

деді Астана қаласы әкімдігі инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Жаңабаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның пікірінше, тәжік жәрмеңкесіндегі «жабайылықты» есептемегенде, іс-шара өте жақсы өткен.

Себебі төбелес немесе басқа жағымсыз жағдайлар болмады. Олар (тәжік шаруалары) 2 күнде мың тонна өнімін сатты. Сондай-ақ олар өнімдерді тегін таратты,

деді әкімдік өкілі.

Мақсат Жаңабаев тәжік шаруалары астаналықтарға өнімдерін өздері алып бергенін атап өтті.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago