Categories: Қоғам

Астана әкімі қаладағы су тапшылығы мәселесі қашан шешілетінін айтты

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек қаладағы су тапшылығына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Әкімнің айтуынша, қазір тәулігіне 25 мың кубометр су жетіспейді.

Қаламыз күн санап өсіп жатыр. Жылына кем дегенде 60-70 мың жаңа тұрғын қосылады, ал соңғы 3 жылдың ішінде қаламызда тұратын азаматтардың саны 200 мың адамға артты. Келесі мәселе – соңғы айда суару жұмысы басталып кетті. Өткен аптада болған +30 градустан асатын аптап ыстық осы аптада да жалғасады деп болжанып отыр,

деді Жеңіс Қасымбек.

Айтуынша, 2 жыл бұрын әкімдік екі жаңа нысанның құрылысын бастаған. Бірінші нысан – сорғы станциясы.

Бұл нысанның құрылысы осы айдың соңына дейін толығымен бітеді және қалаға қажетті күніне 25 мың кубометр су берілетін болады,

деді елорда әкімі.

Екінші нысан – Астана су қоймасынан қалаға келетін су құбыры. Жеңіс Қасымбек бұл нысанның құрылысы аяқталып қалғанын хабарлады.

Келесі аптада толығымен құрылыс жұмысы бітеді және қалаға қажетті су беріледі,

дейді ол.

Осылайша, бір айдың ішінде су тапшылығы мәселесі толығымен шешіледі. Ал тамызда сорғы станциясының екінші кезеңінің құрылысы бітеді. Сол арқылы қалаға күніне қосымша 85 мың кубометр су берілу мүмкіндігі пайда болады. Бұл алдағы 3-4 жылға жеткілікті.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago