Белгілі болғандай, қала тұрғыны портал арқылы балабақшаға жолдама алмақ болған. Бірақ оның жеке кабинеті бұғатталып қалған. Әйел жауапкерден бұғатталған жеке кабинетін ашуға және балабақшаға кезекті қалпына келтіруге міндеттеу туралы талап қойып, сотқа жүгінді.
Талапкер мемлекеттік қызмет көрсету және келісімшарт қағидаларын бұзып, мектепке дейінгі ұйымға жолдама алу үшін үшінші тұлғалар қызметтерін пайдаланып, оларға ақпараттық жүйенің жеке кабинетінен есеп деректерін берген.
Сот отырысында талапкер өзінің жеке кабинетінің есептік деректерін үшінші тұлғаларға беру фактісін жоққа шығармады. Ұсынылған электрондық құжаттамадан талапкердің мүддесі үшін мектепке дейінгі ұйымға жолдама алу үшін интернет-порталға хакерлік шабуыл қолдана отырып, үшінші тұлғалардың іс-әрекеттері жүзеге асырылғаны анықталды.
Астананың азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының шешімімен С.-ның талабы қанағаттандырылмады.
Бүгінде сот шешімі заңды күшіне енді.