Астана әуежайына екінші ұшып-қону жолағы салынады

«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының» әуеайлақ учаскесі жаңарады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының» қолданыстағы ұшу-қону жолағы 2003 жылы қайта жаңартылғаннан кейін бұл бағытта басқа жұмыстар жүзеге асырылмаған. Биыл мұнда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Алайда, авиатасымалдар қарқынының өсуі мен әуежайды дамыту жөніндегі жоспарларға байланысты әуеайлақ учаскесін қайта жаңарту қажеттігі туындап отыр.

Біз 2027-2028 жылдары жолаушылар ағынының жоғары деңгейіне жетіп, сәйкесінше бұл ұшу-қону жолағының өткізу қабілетін арттыруды талап етеді деп болжап отырмыз. Осы ретте жолақтағы, рульдеу жолақтары мен перрондағы жабынды, сондай-ақ жарық-сигналдық жабдықты ауыстыруды жоспарлап отырмыз. Ұшу-қону жолағын жөндеу уақытша қолайсыздықтар туғызады, бірақ бұл мәселені шешуге ниеттіміз,

деді «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Дәулет Хамзин әуе айлағын дамыту тұжырымдамасы тұсаукесерінде.

Сондай-ақ, екінші ұшу-қону жолағын салу, арнайы экономикалық аймақ ашу және авиаотынды жеткізу логистикасын жақсарту үшін теміржолдар салу жоспарда бар.

Жаһандық өзгерістер негізгі екі мақсатқа қол жеткізу үшін жүргізіледі. Алғашқысы, Астананың әуе айлағы жолаушылар ағыны мен орындалатын рейстер саны бойынша келесі жылы еліміздегі ең ірі әуе айлағына айналуға тиіс. Екіншісі, алдағы 5 жылда жүк тасымалын төрт еседен астам ұлғайту жоспарда бар,

деді Дәулет Хамзин.

Әуежайды одан әрі дамыту жөніндегі жоспарлар қаржылық көрсеткіштерді тұрақты жақсартуға негізделген әрі кәсіпорынның жаңа стратегиясы нәтижелерімен нығайтылады. 2021-2022 жылдары азаматтық авиатасымалдардың уақытша тоқтатылуына байланысты әуе айлағының жұмысы транзиттік жүк рейстеріне жанармай құюға және оларға қызмет көрсетуге қайта бағытталды.

Басымдықтарды қайта қарау қысқа мерзім ішінде несие берушілер алдындағы міндеттемелер мен қызметкерлер алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемені өтеуге, жұмыс орындарын сақтап қалуға және операциялық пайдаға шығуға мүмкіндік берді.

Жаңа стратегияның нәтижесінде биыл бірінші жартыжылдықтағы Астана әуежайының таза табысы 1,6 млрд теңге болды. Жалпы, 2022 жыл қорытындысы бойынша табыс 68 млрд теңге деңгейінде болады деп болжанып отыр. Бұл 2021 жылға қарағанда 15,8 процент жоғары.

Елдер арасындағы шекаралардың жабылуы кезеңінде көптеген авиакомпания біздің әуежайды Еуропадан Азияға транзиттік аялдама ретінде пайдалана бастады. Мультимодальды және транзиттік жүк тасымалына басымдық беруіміз дұрыс шешім болды. 2021-2022 жылдардағы кірістің шамамен 70 процентіне әуежайды транзиттік жүк рейстеріне қызмет көрсетуге қайта бағыттау арқылы қол жеткізілді,

деді Дәулет Хамзин.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago