Әлеуметтік желілерде Астана қаласы әуежайының маңынан өрт шыққаны туралы хабар тарап, желі қолданушылары қою түтіннің суретін жариялады. Аталған жайтқа қатысты қалалық ТЖД өкілдері түсініктеме берді.
13 сәуірде сағат 12:28-де Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімшелері халықаралық әуежай бағыты бойынша шақыртуға шықты. Өрт сөндірушілер келген кезде алдын ала 1 гектар аумақта өлі ағаш пен қамыс өртеніп жатқаны анықталды,
деп хабарлады ТЖД.
Қазір оқиға орнында өртті жою үшін қалалық ТЖД жеке құрамының 14 адамы мен 3 техникасы жұмыс істеп жатыр.