Астана полиция департаментінің хабарлауынша, 29 маусымда, шамамен таңғы сағат 06.04-те Chevrolet Malibu көлігінің жүргізушісі жылдамдықпен келіп, бетон бағанаға соғылды.
Көлік Сығанақ көшесімен Қалдаяқов көшесіне қарай жүріп келе жатқан.
Апат нәтижесінде 43 жастағы жүргізуші оқиға орнында көз жұмды.
Полицейлер тексеруді бастады.