Елордада бірнеше мектептің мұғалімдері жалған дипломмен балаларға білім берген.
Қалалық прокуратура білім беру ұйымдары қызметінің заңдылығын тексеру барысында мұғалімдердің жалған дипломды пайдалану фактілерін анықтаған.
Жұмысқа орналасу кезінде 6 мектептің мұғалімдері жалған диплом көрсетіп, балаларды оқыту құқығына ие болған,
деп жазылған Астана қаласы прокуратурасы таратқан ақпаратта.
Хабарламада айтылғандай, Қылмыстық кодекстің 385-бабы 3-бөлігіне сәйкес жалған құжатты пайдалану бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Аталған ұстаздардың педагогикалық қызметі тоқтатылды.