Астана қаласындағы «Балам-ай» орталығы тәрбиешілерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Бұған дейін біз балабақшадағы оқиға жайлы жаздық.
17 қаңтарда полицияға елорда тұрғыны «Балам-Ай» баланы дамыту орталығында оның кәмелетке толмаған ұлына қатыгездікпен қарау фактісі бойынша жүгінді. “Алматы» аудандық полиция басқармасының қызметкерлері ҚР ҚК 140-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады,
деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
Іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша кінәлі адамдарға қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешім қабылданады.