Categories: Оқиға

Астанада ер адам 4 жасар баланы терезеден лақтырып, енесін пышақтап, өзіне қол салған

2023 жылдың бесінші ақпаны күні «Хабар» тұрғын үй кешенінде отбасылық жанжалдың арты үш адамның, соның ішінде бір сәбидің өліміне себеп болды, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, орта жастағы ер адам құмар ойынға әуес болған. Үйіне келген ол әйелін өлімші етіп сабап, үйде отырған төрт жасар жиенін терезеден лақтырып жіберген. Артынша енесін пышақтап өлтіріп, оқиға орнына полиция жеткенде, өзі жетінші қабаттан секіріп өлген.

Таңғы бесте үсті-басы қан-жоса келіншек есігімізді қақты. Үйде күйеуі қатты ұрып-соққан екен. «Күйеуім ойынқұмар, есінен ауысты» дейді әйел. Одан қашып шыққан әйел үйдегі адамдарды құтқару үшін көршілерінің есігін қаға бастапты. Тек бірінші қабаттағы біздің пәтер есік ашқанын айтты. Мен киініп далаға шыққанымда, балконның жанында кішкене баланың мәйіті жатты. Басы жарылған, мәйіттің айналасы қанға толы,

деп жазған куәгер.

Астана қаласы Полиция департаментінің хабарлауынша, полицияға алдымен ұрыс-керіс туралы шақырту түскен.

5 ақпанда 102 пультіне отбасыда жанжал болып жатқаны туралы хабарлама түсті. Қазір Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды,

деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Ал тұрғын үйдегі өзге де азаматтардың айтуынша, кішкентай бүлдіршінді, енесін, артынша өзін өлтірген ер адам құмар ойынға әуес болып, қарызға батқан. Келіншегінің әке-шешесі бұл «қылығына» қарсылық танытқанда, ұрыс басталды дейді. Дегенмен отбасы сырт көзге тыныш болып көргінген. Көршілердің айтуынша, олардың үш баласы болған.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago