Астанада мұқабасы адам терісінен жасалған кітап зерттеліп жатыр

Мұқбасы адам терісінен жасалған көне латын қолжазбасы әлі күнге дейін жұмбақ күйінде қалып отыр. Қолжазба Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханадағы сирек басылымдар мұражайына қойылған.

Anadolu басылымының жазуынша, қолжазбаның мазмұнын толық зерттеген ешкім жоқ. Солтүстік Италияда Петрус Пуардус деген нотариусқа тиесілі болған қолжазба 1532 жылы көне латын тілінде жазылған. Жалпы кітап 330 беттен тұрады, бірақ қазір сарапшылар алғашқы 10 бетін ғана оқи алды.

Ұлттық академиялық кітапхананың ғылым бөлімінің сарапшысы Мөлдір Төлепбай қолжазбаны 2014 жылы жеке коллекционерлердің бірі кітапхана қорына сыйға тартқанын, содан бері музей қорына қойылғанын айтады.

Оның айтуынша, кітап көптеген ғасыр бұрын кең таралған және қазір қолданылмайтын әдіспен түптелген.

Бұл экспонатты тамашалауға келушілер көп болды. Кітаптың мұқабасы антроподермиялық, яғни адам терісінен түптеу әдісімен жасалған

Маман қолжазбаның мұқабасы еліміздің ғылыми зертханаларында сараптамадан өткенін атап өтті.

Астанадағы Ұлттық медицина ғылымдары орталығының зертханасында зерттеу жұмыстары жүргізілді. Қолжазбаның мұқабасында адамның арқа терісі пайдаланылған деген қорытынды жасалды.

Маман кітаптың алғашқы беттерін француз институтының мамандары жазып алғанын айтты.

Оқылған мәліметтерге сәйкес, алғашқы беттерде кіріс және шығыс төлемдері, несиелер мен ипотекалық төлемдер туралы мәліметтер берілген, бірақ қолжазба әлі толық оқылған жоқ

Қазақстанның Ұлттық академиялық кітапханасының қорында бүгінде 13 мыңға дейін сирек кездесетін кітап сақтаулы.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

15 часов ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

22 часа ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

22 часа ago

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен…

23 часа ago

Халықты оңтүстіктен солтүстікке қоныстандыруға бөлінген ақша ұрланды

Павлодар облысының прокуратурасы «Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасын іске асыру аясында (азаматтарды оңтүстік аймақтардан…

2 дня ago

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

Президентке Мәдениет және ақпарат министрлігінің атқарған жұмыстарының нәтижесі, сондай-ақ ведомствоның алдағы қызметі барысында қолданылатын перспективті…

3 дня ago