Categories: Ғылым

АҚШ ғарышта спутник құрастыруға дайын

АҚШ-тың ғарыш күштері Arkisys стартапымен тікелей жер орбитасында әртүрлі мақсаттағы спутниктерді құрастыру және қайта жабдықтау бойынша робот платформасын құруға келісті.

Көп функционалды орбиталық хаб жер төңірегіндегі жобалардың нарықтарын қолдап, қолданыстағы спутниктерді түрлендіріп қана қоймай, бұған қоса сұраныс бойынша Ай мен Марсқа арналған спутниктерді құрастыруға қабілетті болады деп жоспарлануда.

Осылайша, Port станциясы алғашқы коммерциялық орбиталық платформалардың бірі және ғарыштық инфрақұрылымның ұзақ мерзімді элементі болады. Мұндай платформа түрлі жолмен  қолданылуы мүмкін: жаңа технологияларды енгізу және сынақтан өткізу, спутниктерді құрастыру және қайта жабдықтау.

Іс жүзінде бұл 2024 жылдан бастап орбитаның өзінде-ақ әртүрлі қызмет атқаратын спутниктерді жинауға қабілетті көп мақсатты роботты хаб болмақ.

Жақын арада топ роботты қолдың көмегімен көп компонентті нысанды құрастырудың жер бетіндегі демонстрациясын өткізеді. Жалпы Arkisys ғарыш кемелерін орналастыру, пайдалы жүктемені сынау және барлық типтегі ішкі жүйелерді диагностикалау үшін функционалды модульдік ғарыш платформасын құрастыруда роботты операцияларды пайдалану тұжырымдамасын растауды көздеп отыр.

Фариза Сагындыкова

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

17 часов ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

17 часов ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

17 часов ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

17 часов ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

19 часов ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago