Categories: Қоғам

Астанада мейрамханаларға ит еті сатылған: экология министрі жағдайға қатысты пікір білдірді

Ақмола облысының еріктілері сатып алушы болып, астаналық дәмханаларды етпен қамтамасыз ететін ит аулаушымен сөйлескен. Олар полиция қызметкерлерімен бірге ер адамды ұстады, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Instagram желісіндегі Inucobo_kz парақшасына сілтеме жасап.

Ер адам тендерге сәйкес 18 ауданы бар екенін және одан ит қашпайтынын айтады. Сондай-ақ, ит аулаушы қаланың жартысын етпен қамтамасыз ететінін айтып, қызметін жарнамалаған. 

Біз үлкен көлемде ит етін сататын ер адаммен байланысқа шықтық. Сатып алушылар атын жамылып, бұл адамдардың Ақмола облысынан екенін анықтадық. Ол ешкімнен қорықпайтыны сонша, шағын партия ет сатпайтынын айтып мақтанды. Етте чип пен оқ болуы мүмкін, сондықтан мұқият пісіріңіздер дейді. Еріктілер мен полиция қызметкерлері қаскөйді ұстады, одан қару-жарақ пен 750 келі ит еті тәркіленді,

делінген хабарламада.

Экология және табиғи ресурстар министрі Зульфия Сүлейменова Астанадағы мекемелерде ит еті сатылған оқиғаға қатысты пікір білдірді.

Иттерге қатысты мәселені қарастырып жатырмыз. Санитария-эпидемиологиялық бақылау тарапынан тексеру жүргізілуі қажет. Екінші мәселе заңнаманы бұзу дерегіне қатысты ІІМ тарапынан шаралар күтіліп отыр. Біз осы заңды әзірлеген уәкілетті орган ретінде («Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң — еск.) кеше ғана бұл мәселені талқыладық. Жақын арада ІІМ-мен де, Денсаулық сақтау министрлігімен де одан әрі шаралар қабылдау бойынша байланысамыз деп ойлаймын,

деді министр Үкімет кулуарында журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.
Сая Манарбековна

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago