Categories: Экономика

Наурызда Германияға тағы 20 мың тонна қазақ мұнайы жөнелтіледі

Бұл туралы «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамы мәлім етті.

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі бекіткен мұнайды тасымалдау кестесіне сәйкес «ҚазТрансОйл» АҚ наурыз айында Германияға «Транснефть» ЖАҚ магистральдық мұнай құбыры жүйесі бойынша «Адамова застава» мұнай тапсыру пункті арқылы 20 мың тонна мұнайды тасымалдауды жоспарлап отыр,

деді «ҚазТрансОйл» АҚ қоғаммен байланыс және ішкі коммуникациялар департаментінің директоры Шыңғыс Ілиясов.

Компания биылғы жылдың 1 тоқсанында Германияға «Адамова застава» мұнай тапсыру пункті арқылы 300 мың тонна мұнай тасымалдау үшін техникалық мүмкіндіктің барын атап өтті. Дегенмен оның нақты көлемі мұнай компанияларының өтініміне байланысты болмақ.

Айта кетейік,  Украинадағы соғысқа байланысты Еуропа елдері Ресей мұнайына эмбарго жариялаған. Ақпан айында да Қазақстаннан Германияға 20 мың тонна мұнай жеткізілді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

22 часа ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

22 часа ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

23 часа ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

3 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

4 дня ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

7 дней ago