16 қарашада таңертең Бауыржан Момышұлы даңғылындағы көпқабатты тұрғын үй кешеніндегі пәтерден өрт шықты. Абыройы болғанда астаналық өртсөндірушілер өртеніп жатқан пәтерден бес адамды ажалдан аман қалды. Алайда өздері зардап шекті.
Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өрт сөндірушілер үш минутта оқиға орнына жеткен. Онда он бес қабатты тұрғын үйдің 11-қабатында 50 шаршы метр аумақтағы пәтер өртеніп жатқаны анықталды.
Қызметкерлер бірінші кезекте көмек сұраған адамдарды құтқаруға кірісті. Өз өмірлерін қатерге тіккен өртсөндірушілер бес адамды құтқарды. Он адам эвакуацияланды. Өртті сөндіру барысында өртсөндірушілердің өздері де зардап шекті. №10 өрт сөндіру бөлімінің командирі мен оның көмекшісінің аяқ-қолдары мен бетін күйік шалды. Қазіргі уақытта оларға медициналық көмек көрсетіліп жатыр,
деді ТЖД баспасөз қызметі.
Өрттен аман қалғандардың қатарында бала бар. Жеткіншек көмірқышқыл газын ингаляциялау арқылы ауруханаға жеткізілген. Өртті сөндіруге Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің 20-дан аса адамы мен алты техникасы жұмылдырылған. Оқиға орнына Апат медицинасы орталығының құтқарушылары да жетті.
Енді Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы бес адамды құтқарған өртсөндірушілерді марапатқа ұсынбақ.
Еске салсақ, 15 қарашада ТЖМ министрі Юрий Ильин «2023 жылдан бастап өрт сөндірушілердің жалақысы 70 пайызға өседі» деген болатын.