Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Қоғам > Астанада тәрбиешілер ерекше балаларды соққыға жыққан
Қоғам

Астанада тәрбиешілер ерекше балаларды соққыға жыққан

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 19.01.2023
Обновлено 19.01.2023 в 11:01
Поделиться
Фото: ашық дереккөзден
Поделиться

Астанадағы «Балам-ай» инклюзивті балабақшасының тәрбиешілері мен тәрбиеленушілері денсаулығында кінәраты бар балаларды қорлап, ұрып-соққан.

Қорлық көрген балалардың аналары жантүршігерлік видеоларды көріп, полицияға арыз жазған және жағдайды барынша қоғам назарын аударту үшін жанайқайларын әлеуметтік желіге жазған.

Балам балабақшадан келген соң шөлдеп, жылап келетін. Сосын балабақшаға келіп, камера жазбаларын көрген кезде, талып қала жазадым. Арбаға таңылған баламды қарамағандары былай тұрсын, оны мазақ еткен,

дейді сал ауруына щалдыққан баланың анасы.

Камера жазбалары көрсеткендей, тәрбиешілер қасық ұстап тамақ жей алмайтын балаға ашуланып, табақтағы ботқаны оның аузына құйып, бір минутта тыққан. Осы жағдайға куә болған келіншек ашуға булығып, өзге балалардың аналарына жағдайды баяндап берген.

Осыдан кейін камера жазбаларын көрген аналар да талып қала жаздаған. Бұл балабақшаның тәрбиешілері ерекше күтімді қажет ететін әрбір баланы ұрған. Бір бала тәрбиешінің телефонын қолына ұстағанын, артынша тәрбиеші келіншек баланы желкесінен түйіп жібергенін көруге болады,

дейді аналар.

Анықталғандай, егер балалар түскі ұйқыға дұрыс жатпаса, тәрбиешілер мен тәрбиеленуші өзге сау балалар дерті бар бүлдіршіндерді ұрып шығатын. Құлағы естімейтін тәрбиеші талма ауруы бар баланы ұйықтатамын деп, аяғына жастық қойып, баланы соған жатқызады да бет-аузын түгел көрпемен жауып тастайды. Егер бала дәл сол сәтте талып қалса, ол өлер еді.

Осы жағдайды біле сала аналар жергілікті полицияға, прокуратураға және әлеуметтік қорғау мекемелеріне арызданған. Ең сорақысы, балабақша «ерекше балаларды баққаны үшін» бюджеттен ақша алып отырған. Ата-аналар балабақша үстінен және балаларына қорлық көрсеткен әрбір тәрбиешінің үстінен арызданған.

2023 жылдың 17 қаңтары күні «102» пультіне «Балам-ай» балабақшасында баланы ұрып-соғу фактісі анықталғаны туралы қоңырау түсті. Факт Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 140-бабы 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қылмыстық істі тергеу мәселесі бақылауға алынды,

деп хабарлайды Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
ТЕГи: Қазақстан
Сая Манарбековна 19.01.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?