Блогер Айдос Аманбай осылай дейді. Қазақтың тойына реформа қажет, деп есептейді ол. Ең алдымен кең дастарханды «шведский стол» форматына көшіруден бастау керек.
«Түк көрмеген ашқарақтар маған десе сол жерде мешкейліктен жарылып өлсін!
Қонақтар пакетіне салып алып кететіндей үстелге бір де бір тамақ қоймау қажет. Бәрі де туралған, кесілген, тек өз ыдысыңа мөлшерлеп салып жейсің.
Тост сөйлейтідерге арнап бір бұрышқа жеке видеокамера оператормен қойған жөн.
Тілектерін сол жерге запиське айтып кете берсін. Немесе тілегін той иесіне жеке барып айтып, берер сый-сыяпатын жұртқа дабыра-жария етпей тып-тыныш тапсыра берсін.
Асабаларды жәй ғана жүргізушілерге алмастырайық.
Сөйтіп-сөйтіп мәдениет қалыптасады.
Той ұзаққа созылмайды әрі еркін жүріп-тұрып бір-бірімізбен сөйлесіп, үстел басында 6 сағат таңылып отырмаймыз.
Тойдың ұзақтығы мен адам санын шектеуі де заңмен реттейтін уақыт келді. Егер той мысалы екі сағатқа ғана созылатын болса кешігіп келушілер де азаяды», — деп жазды ол.