Categories: Галерея

Астаналық оқушы қалай Balenciaga моделі болғанын айтып берді

Жақында қазақстандық модельдің танымал Balenciaga брендінің сән көрсетілімінде өнер көрсеткені белгілі болды. Жас модельдің есімі — Рахат Көшкінбаев. 18 жастағы астаналық оқушы Balenciaga брендінің көрсетіліміне қалай тап болғанын Tengrinews.kz тілшісіне айтып беріпті.

Белгілі болғандай, Рахат Көшкінбаев Астанада дүниеге келген, №10 мектептің 11 сыныбында оқиды. Модельдік бизнеске 2021 жылы келген. Бұған достарының кеңесі түрткі болған, олар Рахаттың түр-әлпеті модель болуға әбден лайық деп сендірген.

Достарым келбетім модель болуға келетінін, агенттікке баруым керегін айтты. Бастапқыда басқа агенттікке тіркеді, бірақ бір жыл бойы танымал және қызықты ештеңе жасамадым, сосын басқа модельдік агенттікке ауыстым. Жаңа агенттікпен келісім-шартқа отырдым, 4 күннен кейін Миланға қоңырау соқты. Осылай мансабым басталды,

деді астаналық оқушы.

2023 жылдың қаңтарында Рахат Balenciaga бренді оған қызығушылық танытқаны туралы хабарлама алған.

Әрине, басында сенбедім, содан кейін маған барлық мәліметті айтып берді, мен таңғалдым, қатты қуандым. Balenciaga — менің сүйікті брендім, бұл жаңалық мені таңғалдырды.

Дайындыққа бір ай уақыт болды, денемді дайындап, ағылшын тілін үйрендім, шенген визасын алдым,

дейді ол.

1 наурызда қазақстандық Парижге барған. Ұшу, тұру, қалта және виза шығындарының бәрін танымал бренд көтерген.

Бұл өмірімдегі ең бірінші көрсетілім болды және бірден Balenciaga. Маған басқа керемет брендтер де қоңырау шалады деп үміттенемін, агенттерім жұмыс істейді, олар нағыз кәсіпқойлар. Мен биыл тағы 4 көрсетілімге қатысқым келеді. Менің сүйікті брендтерім — Balenciaga, Diesel, Yves Saint Laurent, Maison Margiela және Rick Owens. Олардың біреуі орындады, төртеуі қалды,

деп бөлісті Рахат.

Balenciaga — 1917 жылы Испанияда негізі қаланған француз сән бренді. Бүгінде ол жоғары сапалы сәнді киімдер, аяқ киімдер, аксессуарлар мен парфюмерия ұсынатын сән әлеміндегі ең танымал брендтердің бірі.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago