Жақында қазақстандық модельдің танымал Balenciaga брендінің сән көрсетілімінде өнер көрсеткені белгілі болды. Жас модельдің есімі — Рахат Көшкінбаев. 18 жастағы астаналық оқушы Balenciaga брендінің көрсетіліміне қалай тап болғанын Tengrinews.kz тілшісіне айтып беріпті.
Белгілі болғандай, Рахат Көшкінбаев Астанада дүниеге келген, №10 мектептің 11 сыныбында оқиды. Модельдік бизнеске 2021 жылы келген. Бұған достарының кеңесі түрткі болған, олар Рахаттың түр-әлпеті модель болуға әбден лайық деп сендірген.
Достарым келбетім модель болуға келетінін, агенттікке баруым керегін айтты. Бастапқыда басқа агенттікке тіркеді, бірақ бір жыл бойы танымал және қызықты ештеңе жасамадым, сосын басқа модельдік агенттікке ауыстым. Жаңа агенттікпен келісім-шартқа отырдым, 4 күннен кейін Миланға қоңырау соқты. Осылай мансабым басталды,
деді астаналық оқушы.

2023 жылдың қаңтарында Рахат Balenciaga бренді оған қызығушылық танытқаны туралы хабарлама алған.
Әрине, басында сенбедім, содан кейін маған барлық мәліметті айтып берді, мен таңғалдым, қатты қуандым. Balenciaga — менің сүйікті брендім, бұл жаңалық мені таңғалдырды.
Дайындыққа бір ай уақыт болды, денемді дайындап, ағылшын тілін үйрендім, шенген визасын алдым,
дейді ол.

1 наурызда қазақстандық Парижге барған. Ұшу, тұру, қалта және виза шығындарының бәрін танымал бренд көтерген.
Бұл өмірімдегі ең бірінші көрсетілім болды және бірден Balenciaga. Маған басқа керемет брендтер де қоңырау шалады деп үміттенемін, агенттерім жұмыс істейді, олар нағыз кәсіпқойлар. Мен биыл тағы 4 көрсетілімге қатысқым келеді. Менің сүйікті брендтерім — Balenciaga, Diesel, Yves Saint Laurent, Maison Margiela және Rick Owens. Олардың біреуі орындады, төртеуі қалды,
деп бөлісті Рахат.
Balenciaga — 1917 жылы Испанияда негізі қаланған француз сән бренді. Бүгінде ол жоғары сапалы сәнді киімдер, аяқ киімдер, аксессуарлар мен парфюмерия ұсынатын сән әлеміндегі ең танымал брендтердің бірі.