Үкіметтің кеңейтілген отырысында Жеңіс Қасымбек астана әкімі лауазымындағы жоспарлары туралы айтты.
Ол үлескерлердің мәселесімен айналыспақшы – қазір баспана кезегінде 47 мың адам тұр, оның жартысы көп балалы отбасылар. Сондай-ақ ЖЭО-3 пен жанар-жағармай құю станцияларының құрылысын аяқтау, жеке секторды газдандыруды жалғастыру міндеті тұр.
Сонымен бірге жаңа әкім LRT жобасы екі-үш жылдың ішінде аяқталатынын мәлімдеді. Бірақ ол мұның бәрі «қаржыландыруға» байданысты екенін атап өтті.