Categories: Қоғам

«Астарлы ақиқат» дегендерді жабу керек — Ринат Зайытов

Депутаты Ринат Зайытов Мәжілісте өтіп жатқан комитеттің отырысында ттелеарналарда көрсетілетін «Астарлы ақиқат» сияқты бағдарламаларды жабу керегін айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Зорлық-зомбылықты талқылап жатырмыз. Бірақ зорлық-зомбылыққа әкелетін тағы бір мәселе бар. Ол — балалардың ерікті бұзылуы. Ерікті бұзылып жатқан балалар бар. 15 жасынан бастап мефедронға отырады, 14 жасынан бастап жыныстық қатынасқа түседі. Осыдан кейін неше түрлі зорлық-зомбылықты көрсете бастайды,

деді Ринат Зайытов.

Депутаттың айтуынша, ерікті бұзылған балаларды да оқшаулау, жауапкершілікке тарту мәселесі ұмытылып бара жатыр. Егер бір отбасында бала шикілік шығарса, онда оның ата-анасы, яғни бүкіл әулет жауап беруі керек деп санайды. Мысалы, қосымша мемлекеттік төлемдерден қағу немесе ата-анасына жұмыста сөгіс беру.

Сонымен қатар Ринат Зайытов бала 18 жасқа толғанша ата-ана мен мемлекет толығымен баланың әрекетіне жауап беруі керегін көтерді.

Отбасылық жанжалдарды телеарналарда талқылауды тоқтату керек. Бұл Ақпарат министрлігіне тікелей қатысты. «Астарлы ақиқат» дегендерді жабу керек. Келіп алып, «мен қайын атаммен жаттым», «мені өгей әкем зорлады» дегенді бәрі жиналып, талқылағаннан кейін екінші адамда «сондай екен ғой» деген еріксіз ой туады. Осыны тоқтату керек,

деді депутат Мәжілістегі комитет отырысында.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago