Categories: Денсаулық

Көз дәрігеріне қай кезде барған дұрыс?

Блефаропластика – көздің, қабақтың айналасындағы кем-кетікті жойып, көзді үлкейту үшін жасалатын ота. Отадан соң сығыр көз үлкейеді.

Қазіргі таңда отаның бұл түрі кең таралды. Көз астындағы ісіп тұратын бөлікті немесе көз айналасындағы әжімді жоқ қылғысы келетін жандар пластикалық хирургтың алдына келеді. Дегенмен блефаропластика кез келген адамға жасала бермейді, оның да өзіндік ерекшелігі бар.

Блефаропластика отасының қыр-сыры туралы халықаралық «Lucy көз институтының» жетекші маманы, медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары квалификациялық категориялы офтальмолог-дәрігер Нафис Көлбаев айтып берді. Нафис Дәулетбайұлы «Lucy көз институтының» шақыртуы бойынша Уфадан келген. Оның маман ретіндегі тәжірибесі отыз жылдан асады.

Медициналық және эстетикалық тұрғыдан блефаропластиканың ара-жігін ажыратып беріңізші.

— Блефаропластика косметикалық нұсқау бойынша жасалады. Бұл қызметті сыртқы түрін жақсартқысы келетін кез келген әйел адам ала алады. Алайда ота жасалуы тиіс медициналық көрсеткіштер де болады. Қабақтың терісі салбырап, көзді жауып қалғанда, тері адамның көруіне кедергі болады. Бұл жағдайда теріні ота жасап алып тастау керек. Сондай-ақ блефаропластиканы жарақат алып қалғанда немесе туа біткен ақау анықталғанда жасайды. Кейбір науқастардың қабағында ақау болады. Колобома сияқты көз ауруы бар, бұл жағдайда нұрлы қабақ, көздің ішкі тор қабығы, тамырлы қабық, көздің немесе қабақтың жүйкесі зардап шегеді. Қабақ мүлде болмауы да мүмкін. Блефаропластика бұл дефектіні жояды.

— Біздің білуімізше, көзге қатысты кез келген отаны кәсіби офтальмолог жасауы керек. Солай ма?

— Заң тұрғысынан сөйлесек, косметикалық отаны пластикалық хирург жасауы керек. Алайда, менің ойымша, қабаққа отаны офтальмолог жасауы тиіс. Офтальмологтар белгілі бір ауру табылған кезде ғана қарайды деп ойлау қате. Пластикалық хирургтар сұлулыққа ғана жауап береді, олар ауруды емдемейді. Яғни хирургия мен офтальмология бір-бірімен байланысты салалар. Бұндай оталарды, блефаропластика мен басқа да хирургиялық оталарды офтальмологтар жасағаны дұрыс деп есептеймін.

Ота кезінде қабақтың созылу дәрежесі, орналасуы ескерілуі тиіс. Отадан кейін қабыну пайда болуы да ғажап емес, мысалы, көру қабілеті бұзылуы мүмкін немесе көз жанары жарыққа қарай алмай қалуы да әбден мүмкін.

Науқас пластикалық хирургқа барып, сұлу болудың орнына керісінше нәтиже алып жататын жағдайлар болып жатады. Бұған не айтасыз? 

— Бұндай асқыну жағдайымен біз айналысамыз. Лагофтальм, яғни қабақ жабыспай қалатын жайт жиі кездеседі. Қабақ айналып, іштен салбырап кетіп жатады, пластикалық хирург теріні көп алып қойғанда осылай болады. Бұның бәрі отадан кейінгі асқынуға жатады.

— Әйелдер мен ер адамдардың сырт келбеттерін жақсартуларына көзқарасыңыз қандай?

— Заман сондай, барлығы жас, мінсіз әдемі көрінгісі келеді. Жөнді, жақсы шешім дер едім. Алайда бәрі орнымен болуы керек. Теріні қатты тартуға, ботулотоксин (ботокс) көп құюға, басқа да осы топқа жататын сұйықтықтарды шамадан тыс пайдалануға болмайды. Егер қабақты, бетті дұрыстау керек болса, отаға жүгінген жөн. Азиаттық әдемі қыздар келіп еуропалық көз жасап беруімізді сұрайды. Кез келген ұлт өзінше әдемі. Көбінесе, әйелдер Барби қуыршағын сұлулықтың символы етіп алған. Сөйте отырып, өз сұлулығын көрмейді. Шынымен де отаны қажет ететін жағдайлар бар. Қазақстанда төменгі қабақтың салбырап түсіп кетуі жиі кездеседі. Бұл жағдайда төменгі блефаропластиканы жасау қажет болады. Кейде балалар да келеді. Өйткені бұл кірпіктің өсуіне кедергі жасайды, көз суланып, қабыну пайда болуы мүмкін. Бұндай жағдайда балаларға блефаропластика қажет.

— Отаны эстетикалық мақсатта жасап көрдіңіз бе? Науқастар пластикалық хирургқа емес, көз клиникасына жүгінген жағдайлар бола ма?

— Бізге бір әйел блефаропластика жасату үшін келді, өйткені көзін көп сығырайтады екен. Сөйтсек, көзі конъюнктивтің қабынуынан сығырайып жүр екен. Офтальмологтың алдынан өткен соң блефаропластика жасату керек. Азиаттық көз бен еуропалық көздің айырмашылығы бар екенін ескеру керек. Осыған байланысты отаның да өзіндік әдіс-тәсілі бар.

— Сіз Башқұртстанның Уфа қаласында тұрасыз, осында жұмыс істеп жүргеніңізге бір жылдай болып қалды. Алматы қалай екен?

— Алматы мен Уфаның адамдарының менталитеттері ұқсайды. Осында біраз уақыт тұрып, біздің бір-бірімізге ұқсайтынымызды байқадым. Ұлы Отан соғысы кезінде Алматы мен Уфаға Ленинград тұрғындары көшірілді. Ленинградтықтар алматылықтарға да, уфалықтарға да өзіндік әсерін тигізген. Біз мейірімді, ашық-жарқын адамдармыз. Менің ойымша, Алматы Қазақстанның басқа қалаларынан достық сүйгіштігі мен ашық-жарқын мінезімен ерекшеленеді. Табиғаттары да бір-біріне ұқсайды. Бізде тау Алматының шетіндегідей биік емес, алайда әдемі.

Алматы медицинасының деңгейін бағалай алар ма едіңіз?

— Бұл жақта медицина жақсы дамыған. Алайда алматылықтар өздерінің денсаулықтарына немқұрайлы қарап жатады, офтальмологтарға ауруы асқынып кеткенде келеді. Бір дәрігерден екінші дәрігерге баратын науқастар да бар, олар диагнозды, дәрігер тағайындауын тексеріп, салыстырып жүреді. Башқұртстанда кеңестік диспансеризация жүйесі жұмыс істейді. Қазақстанда ондайды көрмедім. Адамдар үнемі мамандардың бақылауында болуы керек. Жалпы медициналық сауаттылық қажет. Жылына бір рет міндетті түрде офтальмологқа көріну керек.

—  Қаламыз экологиялық апаттың алдында тұр. Сіз оны сезесіз бе?

— Алматы елдің оңтүстік өңірінде орналасқан, күн жақсы түседі, сонда да экологиялық тұрғыда қиын қалаға жатады. Бұның барлығы көздің жағдайына да әсер етеді. Уфа да өндірістік қала. 90-жылдары Уфада ірі апат болды: «Уфахимпромда» фенол төгілді. Ол зат суға түсіп кетіп, тұрғындар жаппай уланды. Қазір экология жақсарды. Уфаның да экологиялық жағдайы Алматыға ұқсайды. Екі қалада да жасыл желек көп. Біздің елдегідей Алматыда ағаштар кесілетіні өкінішті. Қалаға үнемі ағаштар егілуі тиіс. Тағы бір ортақ мәселеміз – көлік тығыны. Егер Алматыда жолдар кеңейетін болса, Уфадағыдай ағаштарды кеспесе екен.

— Жолды кеңейтіп жатыр, ағаштарды кесіп те тастады. Бұл іс әлі жалғасуда…

— Электромобильдерді қолдану керек шығар, метроны дамыту қажет, бұтақты қайта егу керек. Экологиялық тұрғыда таза көлік болып саналатын трамвайларды бекер алып тастады. Қазіргі таңда Алматы тұншығып жатыр: таудан, үйдің терезесінен қаланың түтінге оранғанын көруге болады. Лас ауаның себебінен адамдарда созылмалы конъюнктивит пайда болады. Сондықтан тағы бір мәрте қазақстандықтарды, алматылықтарды жылына бір рет көз тексерісінен өтіп тұруға шақырамын. Кей адамдар жылына екі рет өтіп тұру керек. Адамдарға денсаулық пен бейбітшілік тілеймін, басқасы ретімен бола жатар.

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова, АПН

Арман Ерғалиев

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago