Астық олигархы Нұрлан Тілеубаевқа сот үкімі шықты. “Delta Bank» АҚ ісіне қатысты тергеу жалғасуда, деп хабарлайды Stan.kz.
2012-2017 жылдар аралығында Тілеубаев қайтарылмайтын несиелер беру арқылы банктен қаражатты алып шығарған.
Тергеу барысында Тілеубаев пен оның туыстарына тиесілі мүлік анықталып, оған тыйым салу туралы санкция берілді.
Мүліктің ішінде Чехияның Прага қаласында орналасқан элиталық мейрамхана, төрт бөлмелі пәтер және 3 компанияның 100% акциялары, сондай-ақ БАӘ-дегі құны шамамен 5 миллион долларлық Palm Jumeirah орналасқан вилла бар.
Сонымен қатар Латвиямен ынтымақтастық аясында халықаралық тергеу кепілдігін жіберу арқылы «Вентспилс астық терминалының» 100% үлесін қамауға алу санкцияланды,
деп мәлімдеді қаржы мониторингі агенттігі.
Оған тиесілі 5 қант зауыты мен 58 нысан проблемалық несие қорына берілді.
Сот үкімімен Нұрлан Тілеубаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
Қазіргі уақытта оның компанияларының заңсыз қызметінен «ҚазИнвестБанк» АҚ, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ және «БЖЗҚ» АҚ зардап шекті.
Қаржылық мониторинг агенттігі активтерді іздеу және қайтару бойынша жұмысты жалғастыруда.
Бұған дейін астық олигархы Нұрлан Тілеубаев Delta Bank-тен заңсыз ақша жымқырды деп айыпталғаны хабарланды.