11 желтоқсанда Мұнайлы ауданындағы бір үйден «асылып өлу» белгілері бар 4 мәйіт табылды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барды. Өздігінен асылып өлген 38 жастағы ер адам, сонымен бірге 8 жастағы, 4 жастағы және 10 айлық балалар болып шықты.
Тексеру барысында Б. есімді азаматпен жіберілген аудиожазба анықталды. Ол жұбайы Д. есімді азаматшаға өлетінін және балаларын өзімен бірге алып кететінін айтқан.
Бұл оқиға отбасылық жанжал негізінде орын алғандығы және бұл адамдардың ажырасқалы жатқандығы белгілі болды. Ерлі-зайыптылардың екеуінің де тұрақты жұмыс орындары болған.
Бұл дерек ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі бойынша Мұнайлы ауданының Пб СДТБТ-де тіркелді. Полиция тергеу жұмысы үшін өзге ақпарат жария етілмейтінін мәлімдеді.