Тарих

Қасым хан әйелінің қолжазбасы жарыққа шықты

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетіне қарасты Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының мамандары Франциядан табылған Қасым ханның әйелі Айша ханымның қолжазба көшірмесін басып шығарды, деп хабарлайды Айқын ақпараттық агенттігі.

Қолжазба – түркі тіліндегі (қыпшақ диалектісі) мұсылман теологиясы бойынша жазылған. Ғалымдар белгілі шығыстанушы В.П.Юдиннің  XVI ғасырдың басындағы «Таварих гузида Нусрат нама» қолжазбасын көне қазақ тілінде жазылған деп сипаттағанына сүйене отырып, бұл жазбаны да аталған туындыға жақын деп тұжырымдайды. 

Қолжазба жеті тараудан тұрады. Әрбір бөлім исламның қасиетті кейіпкерлеріне қатысты бір немесе бірнеше хикаялармен толықтырылған. Бұл еңбек XV ғ. соңында өзбек-қазақ сұлтаны Қасым Жаһангирге (Қасым хан) үйленген Тимуридтердің билеушісі Сұлтан Хусейн Мырзаның қызы Айша сұлтан ханым-бегімге арналған. Қолжазба – Айша сұлтан ханым-бегімнің жеке кітапханасында сақталған. Кітап Шайбанидтер Мауереннахрға келгеннен кейін Орта Азиядан қашқан Тимуридтер арқылы Үндістанға жеткен. Қолжазбаны XIX ғасырда Францияның Ұлттық кітапханасы сатып алған. Қасым сұлтан мен Хусейн Байқара арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас белгісі және Қасым сұлтан мен Айша Бегімнің (Хусейн Байқараның қызы) үйленуінің болжамды күнін Хондемирдің «Хабибу Сияр» кітабынан байқауға болады.

Кітапты түптеу жұмыстары 2 аптаға созылған. Көшірменің жекелеген беттері біріктіріліп, бүтін блокпен мақта жібін қолдану арқылы тігілді. Сондай-ақ мұқабасына арнайы батист матасы қапталып, картон қағазы мен қанық жасыл түсті табиғи былғары қолданылды.

Қолжазбаның түпнұсқасы Париж Ұлттық кітапханасында сақталған. Қолжазба шамамен 1501-1515 жылдары жазылған. Тарихи мұраның басы мен соңы болмауы себепті толық нұсқасы сақталмаған.

Фото: aikyn.kz
Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago