Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқанд қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысады. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі хабарлайды.
Саммит қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарды қабылдау жоспарланып отыр. Өзбекстанда Президент басқа елдердің басшыларымен екіжақты кездесулер өткізеді,
делінген ұсынылған хабарламада.
Еске салайық, 7 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесуде Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінің күн тәртібі жөнінде әңгімелескен болатын.
15-16 қыркүйек аралығында өтетін саммитке 14 мемлекет басшылары мен 10 халықаралық ұйымның өкілдері қатысады.
Сонымен қатар, мемлекет басшысының баспасөз қызметі Тоқаев Өзбекстанда басқа елдердің басшыларымен екіжақты кездесулер өткізетінін нақтылады.
ШЫҰ-ға Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және Үндістан кіреді.
Бақылаушы елдер – Ауғанстан, Беларусь, Иран және Моңғолия.
Серіктес елдер – Әзірбайжан, Армения, Камбоджа, Непал, Түркия және Шри-Ланка.