Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Руханият > Дін > «Дәстүрлі Ислам құндылықтарын дәріптеп келеміз»: ҚМДБ мәлімдеме жасады
Дін

«Дәстүрлі Ислам құндылықтарын дәріптеп келеміз»: ҚМДБ мәлімдеме жасады

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 05.10.2023
Обновлено 05.10.2023 в 12:10
Поделиться
Поделиться

Қазақстан Мұсылмандар Діни Басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтаевтың мәлімдемесіне пікір білдірді. Айта кетейік, осыған дейін депутат Әлтаев «Жастарды соқыр фанатизмге, радикализмге итермелейтін жат ағымдар, әлеуметтік желіде теріс уағыздар көбейіп кетті, сондықтан ұлттық идеологияны күшейтіп, діни ағымдарға тосқауыл болатын заң керек» деген еді.

Осыған байланысты Мүфтият жыл басында бес бағыт бойынша жұмыстарға басымдық беретінін жариялады. Олар – дін мен дәстүр, ізгі қоғам, ихсан және насихат, діни оқу-ағарту, жат діни ағымдардан сақтандыру.

1. Дін мен дәстүр бағыты. Қазір дін мен дәстүр сабақтастығын насихаттау бойынша қалалық, облыстық мешіттер жанынан «Дін мен дәстүр» орталықтары ашылып, жамағат арасында әдет-ғұрпымыз бен салт-дәстүріміз кеңінен дәріптелуде. Мешіт аулаларында, мәдениет үйлерінде діни мерекелерді ұлттық нақышта атап өту дәстүрге айналды. Діни, рухани іс-шараларда ұлттық аспаптармен арнау, толғау, терме орындалып, бабаларымыздың өсиетті өлеңдері дәріптелуде. Жастардың санасына ұлттық құндылықтарымызды сіңіру жұмыстары үздіксіз жалғаса береді.

2. Ізгі қоғам бағыты. Дін қызметкерлері қоғамды ізгілендіруге өзіндік үлес қосып келеді. Имамдар қоғамда әділеттілік, адамгершілік, әдеп сынды құндылықтарды қалыптастыруда белсенді қызмет атқаруда. Қалалық, облыстық мешіт жанынан ашылған «Отбасылық кеңес беру» орталықтары 1 жылда ажырасуға шешім қабылдаған 500-ден астам жұптың некесін сақтап қалды. Жастарды жаман әдеттерден (құмар ойынға тәуелділік, темекі шегу, арақ ішу т.б.) сақтандыру бағытындағы насихаттық жұмыстар жалғаса береді.

3. Ихсан және насихат бағыты. Жұма және күнделікті намаз алдындағы уағыз жұмыстарында жастарға әрбір жақсы істі көркем түрде (ихсан дәрежесінде) орындау туралы насихат айтылуда. Мүфтият жанынан ашылған «Жастар ісі» секторы, «Зейін» оқырмандар клубы жас буынның зейінін ашып, рухани әлемін байытуға үлес қосуда. Қазір әлем халқы жат діни ағымдарға тойтарыс берудің төте жолы — сан ғасырдан бері қалыптасқан дәстүрлі құндылықтарды жаңғырту екенін түсінді. Бүгінде имамдар ихсан ілімін насихаттаумен қатар, салт-дәстүріміздің жанашырына айналды.

4. Діни оқу-ағарту бағыты. Соңғы 9 айдың есебі бойынша қалалық, облыстық, аудандық, ауылдық мешіттер жанынан ашылған Сауат ашу курстарында 23 665 адам алғашқы діни сауатын ашты. 7 417 адам Құран оқи алатын дәрежеге жетті. 5 258 адам намазға жығылды. Діни сауат ашу курстарында білім алған азаматтарда деструктивті діни ағымдардың теріс идеологиясына қарсы имунитет қалыптасты.

5. Жат діни ағымдардан сақтандыру бағыты. Жастарды деструктивті діни ағымдардың теріс идеологиясынан сақтандыру – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының негізгі жұмыс бағыттарының бірі. Бұл – барлық мүфтиден бері жалғасып келе жатқан асыл міндет. Мүфтияттың діни оңалтуға жауапты мамандары өткен жылы қоғамдық орындар мен түзеу мекемелерінде 9928 жеке ықпал ету акцияларын (жеке кездесулер) жүзеге асырды. Жұмыс нәтижесінде жалпы 1477 адамға оң ықпал жасалды. Атап айтқанда, 773 адам қазақстандық қоғам құндылықтарына бейімделді және 704 адам деструктивті діни ағым идеологиясынан бас тартты.

Бүгінде мүфтият жанынан құрылған Ғұламалар, Ақсақалдар, Сарапшылар кеңесі жастарды жат діни ағымдардан сақтандыру жұмыстарына белсене араласуда. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ата-бабамыз сан ғасырдан бері ұстанып келе жатқан дәстүрлі Ислам құндылықтарын үздіксіз дәріптеп келеді,

деді ҚМДБ баспасөз-хатшысы.
ТЕГи: Главное
Анара Бауыржанқызы 05.10.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?