Categories: Тарих

«Қатал адам ғой»: Момышұлының майдандасы батырға қатысты естелігін айтты

Жетісу облысында Бауыржан Момышұлымен қатар майданға кірген Сәрсенбай Қаңтарбай есімді ардагер тұрады. Қарт майдангер екінші дүниежүзілік соғыста даңқты полковник басқарған 9-шы гвардиялық дивизия сапында болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Телеарна мәліметінше, Сәрсенбай Қаңтарбай сол кездің аса құпия қаруын күзетіп, оны жау қолына бермеу міндетін атқарды. Сәрсенбай ақсақал қазір кенже немересінің күтімінде.

Сәрсенбай қария 1942 жылы әскерге шақыртылып Аягөзде жасақталған тұңғыш қазақ полкінің құрамына алынған.

Автоматшыларды дайындайтын алты айлық оқу-жаттығудан соң соғыстың нағыз қайнаған ортасына түседі. Бір жылдан соң саны сиреген сарбаздар Бауыржан Момышұлы басқарған 9-гвардиялық дивизияға қосылыпты. Оларға сол кездің ең қауіпті әрі құпия қаруын күзету міндеті жүктелген.

Ант бергенбіз. Ол кезде «Катюша» айтылмайды. Құпия бөлім ғой. №49 катюшаны күзеттік, бір жерде 15 минут тұрады. Одан артық тұрмайды. Күндіз тоғайдың ішіне кетіп қалады. Қай жерде немістің қауырт жиналғаны бар соны атады. Бауыржан Момышұлы қатал адам ғой. Бұйрық береді. Сөйлейді, жігерлендіреді солдаттарды, қайтпаңдар артыңда отаның, әке-шешең, елің-жұртың ешқандай қашып пленге өтіп кету болған жоқ.

9-гвардиялық атқыштар дивизия сапында Сәрсенбай ақсақал Польша, Литва, Латвия, Эстония сынды елдерді азат етуге қатысыпты. Өмірінің үш жылын майдан даласында өткізген ол Германияға дейін жетеді. Сол мемлекет аумағындағы шайқас кезінде Бауыржан Момышұлымен қатар жараланған.

Бауыржан Момышұлы екеуіміз 21 қаңтар 1945 жылы жараландық. Ол кісі белінен жараланды. Біз 12 автоматшы жараландық. Ұшаққа салып Мәскеуге жіберді, Владимир облысы Калчюгин қаласында 6 ай жатып емделдік. Бір айдан соң жеңіс келді. Сол жерде Мәскеуге барып парадқа барып көрдік бәрін. Соғыстан кейін де бірге болып дәмдес тұздас болып тұрдық. Былайша жақын жүргенде бауырмашыл адам болған.

Қарт майдангер елге келген соң мұғалім және пошташы болып еңбек еткен. Содан болар әлі күнге дейін баспасөзді шолып, радионы тыңдап, телеарнадан жаңалықтарды көруге тырысады. Жүзге жуық немере шөбере сүйіп, ғасырлық ғұмыр кешкен қария елдегі бейбітшіліктің бұзылмауын үнемі ақ батасына арқау етіп келеді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

3 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

4 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

5 дней ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

5 дней ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

5 дней ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

1 неделя ago