Атлант мұхитында жоғалып кеткен қайықта британдық миллиардер болған

Атлант мұхитында Титаник кемесінен қалған үйінділер мен қалдықтарды көруді, зерттеу мен тамашалауды мақсат еткен сүңгуір қайық жоғалып кетті. Қайықта туристер де болған.

Америкалық жағалау күзеті қайықпен байланыстың жексенбі күні таңертең үзілгенін хабарлады. Сол кезде қайықтың суға түскеніне 1 сағат 45 минутқа болған екен. Оны іздеуге мемлекеттік қызметтер ғана емес, жеке компаниялар да қосылды.

Біз экипаж мүшелерінің қайтып оралуын қамтамасыз етуге тырысамыз,

деді жоғалған сүңгуір қайықтың тиесілі OceanGate Expeditions өкілдері.

АҚШ жағалау күзетінің контр-адмиралы Джон Маугердің айтуынша, екі ұшақ пен бір сүңгуір қайық жоғалған қайықты іздеп жатыр. Сондай-ақ ол іздеу аймағының құрлықтан біршама алыс болуы операцияны қиындатып отырғанын айтты.

Жоғалған сүңгуір қайықтың бортында әдеттегідей бес адам – ​​ұшқыш, үш турист және гид болған. Олардың аты-жөні хабарланған жоқ. Алайда журналистер суға батқан «Титаниктің» қирандыларын тамашалауға кеткен туристердің бірі 59 жастағы британдық миллиардер әрі зерттеуші Хамиш Хардинг екенін анықтаған. Біріншіден, мұны оның отбасы растаса, екіншіден, Хамиш Хардингтің өзі әлеуметтік желілерде алдағы күндері 1912 жылы «Титаник» суға батқан Атлант мұхитының түбіне сүңгуді жоспарлап отырғанын жазған.

Hamish Harding/ Хамиш Хардинг

Ньюфаундлендтегі соңғы 40 жылдағы ең қолайсыз ауа райына байланысты біздің саяхатымыз 2023 жылғы «Титаникке» алғашқы және соңғы сапар болуы мүмкін,

деп жазған Action Aviation халықаралық авиакомпаниясын басқаратын британдық миллиардер сенбі күнгі жазбасында.

Сол күні сәл кейінірек ол «күн райы енді ғана ашылды, ертең туристер су астына саяхат жасауға шығады» деп қосқан.

Сарапшылар туристік суасты кемесінің мүшелерінде 96 сағатқа жететін оттегінің 60 сағаттық қана қоры қалғанын айтады.  

Фото: www.globallookpress.com / Norbert Probst
Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago