Categories: Саясат

Аты бар, заты жоқ «жаңа Қазақстан»

«Ешқандай жаңа Қазақстан жоқ, болған да емес. Жаңа Қазақстан деген сөзді президент айтты, бірақ мен білетін қарапайым қазақтың өмірінде еш өзгеріс байқалмайды. Жақсарған түгіміз жоқ. Ескі Қазақстандағы ескі шенеуніктер жанталасып жаңа Қазақстанға да көшіп алды. Билікте сол баяғы ескі адамдар. Олар тұрғанда президент жаңа Қазақстан жасай алмас», дейді қоғам белсендісі Арман Шораев.

«КТК» телеарнасының экс бас директоры Globalnews.kz тілшісіне ұзын-ырғасы мынадай әңгіме айтып кетті:

Мен Тоқаевты қолдаймын!

Әрине, оны қолдаймын. Қазіргі үкімет, министрлер кабинеті оған ескі Қазақстаннан мұраға қалды. Смайыловтың премьер-министр болатыны «Жаңа Қазақстан» әлі жарияланбай тұрғанда белгілі болған. Ол өмірінің көбін сандарды сайратып, статистика агенттігінде өткізген адам. Жаңа Қазақстанды ондайлар құра алмайды.

Қазақстандық шенеуніктердің арасында «көгілдірлер» көп. Жүздеген миллион доллары тегін келген, көл-көсір ақшалы бай шенділер бұл өмірдің бар қызығын көргісі келеді. Жүйеміз сондай. Бұл да ескі Қазақстанның мұрасы.

Украинадағы соғысқа қарапайым ресейліктер де жауапты, өйткені ресейліктердің 70 пайызға жуығы соғысты, украин халқына қарсы геноцидті қолдайды екен. Сол себепті бізге де Ресей Федерациясының азаматтары үшін визалық режим енгізу қажет деп санаймын. Бұл ұлттық қауіпсіздігіміздің мәселесі. Қазір кемінде 300 мың ресейліктің Қазақстанға кіріп алғанын көріп отырмыз. Ертең 3 миллион 300 мың ресейлік кіріп алса, не істейміз? Өңшең Путинді қолдайтын сапаратистер боп шықса бәрі? Олар Қазақстанның болашағына қауіп төндіреді.

Партия құрамын ба?

Мына соғыстың немен аяқталатынын көрейік. Оның үстіне, Тоқаевтың наурыздағы жолдауында айтылған саяси реформалар әлі жүзеге асырылмады. Оның ешбір ұсынысы заң жобасы түрінде парламентке енгізілмеді. Санжар Боқаев сияқтылар әне, құр желігіп, жүгіріп жүр. Ресейде 500 адам қол жинап, партия құрамын десе, ешкім оларға тыйым сала алмайды. Бізде 40 мың адам жинау керек екен. Дәл қазір партия тіркетудің мәні жоқ. Партияның да қадірін қашырды анау «Аманат» атанып алған қу «Нұр Отан».

Әр қазақтың басында бір-бір тәліп отыр дегем. Ол тәліп – «тәубә» мен «шүкір» дейтін қазақтың көнбістігі, үнсіздігі. Сосын біздің елде бір де бір мүфти арнайы қызметтің мақұлдауынсыз тағайындалмайды. Бізде жүрген молдалардың көпшілігі КНБ-нің агенттері. Орыстың сепаратизмі сияқты, қазақтың басына ислам радикализмінің қауіпі төніп тұрғаны бәрімізге белгілі ғой. Мүфтият та сол, кез-келген институтымыз сияқты ол да мемлекет бақылауында, ол да жемқорлық сияқты қоғамыздағы барлық кеселдерді жұқтырған. Имам болу үшін де пара беретін болдық. Баяғыда КТК журналистері зерттеу жүргізген. Пітір-садақадан жылына шамамен 70 миллион доллар түсетінін анықтағанбыз

Блогер деген журналист емес

Махамбет Әбжан деген журналистің ісі елді шулатты. Ол Әбжанды мен ешқашан журналист деп санаған емеспін. Жалпы блогер деген журналист деп кім айтты? Қазір өзі журналист мамандығы қатты құнсызданып кетті. Кезінде менің журналистикадан кетуіме осы да себеп еді. Журналистикада содан бері жағдай оңалған жоқ. Есесіне ақшаға сатылатын блогерлердің заманы туды. Блогер болу кәсіпке айналды, қысқасы.

Айдын Қайнарұлы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago