Атырау облысында екі сәбиін сатты деген күдікті әйел ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Полиция 2021 жылғы және 2022 жылғы сәбилерін сатқан 1991 жылы туған БҚО-ның тұрғынын анықтады.
Дерекке қатысты ҚК-тің 135-бабы 1-бөлігімен соталды тергеп-тексеру басталды. Күдікті анықталып, қазір тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды,
делінген хабарламада.