Categories: Оқиға

Атырауда 7 жасар ұл балаға өгей әкесінің ағасы айуандық әрекет жасап келген

Атырауда адам шошырлық қылмыс тіркелді: 7 жасар ұл балаға қатысты өгей әкесінің ағасы сексуалды сипаттағы әрекет жасаған. Бұл туралы қоғам белсендісі Дина Таңсәрі жазды.

Біздің қолымызға түскен видеода бала ер адамның оған не істегенін, қалай істегенін көрсетіп берді,

дейді Дина Таңсәрі.

Оның айтуынша, қазір бала мен анасына психологтың және адвокаттың көмегі қажет.

Бала келіншектің бірінші некесінен туған. Қазіргі күйеуінің ағасы, яғни, қайын ағасы әйелдің 7 жасар ұлына қатысты сексуалды сипаттағы қылмыс жасаған. Баланың анасы да үнемі осы отбасының мүшелерінен таяқ жеп келген. Тіпті, кейінгі баласына жүкті кезде де және кесір тілігімен босанғаннан кейін әрең жүргенде де күйеуі мен оның отбасы әйелге жәбір көрсеткен,

деп жазды қоғам белсендісі.

Дереккөзге сүйенсек, келіншек бұл қорлыққа шыдамай өзіне қол жұмсап, өлмек болған. Абырой болғанда, оны дәрігерлер құтқарып үлгерген.

Ауруханадан шыққан соң, келіншекті күйеуі тағы ұрып-соққан. Ал, анасының өмірі үшін қорыққан бала амалсыздан үндемей жүрген. Алайда, анасының жүрегі бір жамандықты сезіп, реті келген күні сол үйден қашып кеткен. Сосын бірден полицияға арыз жазған,

дейді Дина Таңсәрі.

Ал, Атырау облысы полиция департаменті бұл, іс егжей-тегжейлі ақпаратты жариялауға жатпайтынын алға тартты.

Аталған факті бойынша Тергеу басқармасы ҚР Қылмыстық кодекстің 124-бабы 1 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды,

деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.
Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

4 дня ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

3 недели ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 месяц ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

5 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

9 месяцев ago