Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Оқиға > Атырауда бес экс-полицей тергеу кезінде адамды азаптағаны үшін сотталды
Оқиға

Атырауда бес экс-полицей тергеу кезінде адамды азаптағаны үшін сотталды

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 24.11.2023
Обновлено 24.11.2023 в 10:11
Поделиться
Поделиться

23 қарашада Атырауда қалалық ішкі істер басқармасының бұрынғы бес тергеушісі “азаптау” ісі бойынша сотталды. Сот бес полицейді кінәлі деп тауып, 3-4 жылға түрмеге кесті, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

Ақпаратқа сүйенсек, «адам азаптады» деп айыпталған Шыңғысхан Айтбаев, Марат Жонбай, Тимур Мажитов төрт жылға сотталса, Асланбек Төлеуішов пен Ербол Сиғуатов «адам азаптауға көмектесті» деген айыппен үш жыл түрмеге кесілген.

Сотталған экс-полицейлер Атырау қалалық полиция басқармасында жұмыс істеген. Төртеуі бұйрықпен жұмыстан босатылған, біреуі өз еркімен жұмыстан кеткен. Сот үкімімен айыпталғандардың бәрі де шендерінен және органдарда қызмет ету құқығынан үш жыл мерзімге айырылды. Сотталғандар жазасын қатаңдығы орташа түрмеде өтеуі тиіс.

Сондай-ақ, үкімге сай, әрқайсынан жәбірленушіге 500 мың теңге моралдық өтемақы өндіріледі.

Судья Зәуре Қазақбай айыпталушылардың кінәсі бейнежазбалар сынды айғақтармен дәлелденгенін айтты. Алайда сотталғандардың адвокаттары Руслан Жакупов пен Аслан Жолболов сот үкімімен келіспейтінін, апелляциялық шағым түсіретінін жеткізді.

Сот-медициналық сараптама азаптау кезінде жәбірленуші Руслан Қуанышқалиевке «жеңіл дене жарақаты келтірілгенін» деген қорытынды шығарған. Оның сол жақ құлағының дабыл жарғағы зақымданған, сол көзі жарақаттанған. Бірақ тергеу бұл сараптамамен келіспей Оралда екінші сараптама жүргізеді. Қорғау тарабы екінші сараптамаға күдік келтіреді. Жакуповтың сөзінше, сараптама 11 ақпанда жүргізілген, бірақ сараптама жүргізу туралы бұйрық екі күннен кейін, 13 ақпанда шыққан.

Қуанышқалиев биыл ақпанда өзін полицейлердің азаптағаны жөнінде арызданған. Ақпанның басында полиция Қуанышқалиевке «бір адамды ұрып-соқты» деген айып таққан. Қуанышқалиев айыпты мойындамаған.

Жәбірленуші сотта айыпталушының әрқайсысынан 2 млн теңгеден өндіруді талап етті. Айыпталушылар бұл талаппен келіспеген еді.

Анара Бауыржанқызы 24.11.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

Оқиға

Колонияға дронмен сәлемдеме тастады

21.06.2024
ОқиғаЖемқорлықСпорт

Алматы Спорт басқармасында ақша жымқырылғаны ашылды

06.06.2024
ҚоғамОқиға

Тәжікстанда екі отбасының бірнеше мүшесін бір түнде өлтіріп кетті

04.06.2024
Оқиға

Семей маңында жоғалып кеткен әйелдің денесі табылды

03.06.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?