Атырауда басы мен аяғының терісін ит тартып тастаған 8 жасар бала ауыр халде облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды AtyrauPress.
Оқиға кеше, 15 ақпанда сағат 19:00 шамасында болған.

2015 жылы туған бала бірден жансақтау бөліміне жатқызылды. Операция жасалды. Жағдайы тұрақты. Куәгерлердің айтуынша, баланы ит талап тастаған,
деді облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.
Қазіргі уақытта тиісті органдар тексеру жұмыстарын бастады.