Categories: Білім

Атырауда оқу орталығына алданған ата-аналар ереуілге шықты

Атырауда «МегаМозг» оқу орталығына алданған ата-аналар бас көтерді.

Астана телеарнасының хабарлауынша, ата-аналар орталық басшысы ғана емес, ақшаны қабылдаумен айналысқан қызметкерлер де жауапқа тартылуын сұрап, қалалық прокуратураға жиналды. Айтуларынша, былтырғы оқу жылында балаларын қосымша білім береміз деп сан соғып қалған. Әлеуметтік желілер арқылы жарнама жасап, түрлі жеңілдіктерді ұсынғанымен, міндеттерін орындамай, жауып тастапты.

Оплата жасадым желтоқсанның 8-інде, майдың 30-ына дейін 103 мың развозкасымен бірге. Чекті Мырзабекова Дильназға жібердім. Мысалы, менің балам тіпті барған жоқ. Ол баланы апарып көрсеткем жоқ. Қаңтардың 8-і маған жазып тұр. Мен Мақсотова Аида боламын, «Мегамозг» оқу орталығының директоры боламын. Сіздерден кешірім сұраймын, біздің оқу ортылығы жабылатындықтан біз әрі қарай жұмысымызды жалғастыра алмаймыз деп,

дейді қала тұрғыны Райгүл Үргешова.

Қазір Райгүл секілді 156 адам ақшасын қайтара алмай жүр. Арасында 100 мың теңгеден бастап, 600 мың теңгеге дейін төлегендер бар. Құзырлы органдарды жағалап жүргісі келмегендер қол сілтеп кеткен. Ата-аналардың арызынан соң былтыр жыл соңында Қылмыстық Кодекстің «Алаяқтық» бабымен іс қозғалған. Басты күдікті 29 жастағы Аида Мақсотова ақпан айынан бері тергеу абақтысында.

Олар схемамен 2020 жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан екен. Біз оның алдында ол «Индиго» да болған, ол «Қазақ ленд » та болған, ол «Бэбиленд» те болған, осындай ашады да жауып тастайды,

деді қала тұрғыны Әсия Ізтілеуова.

Алайда құзырлы орган өкілдері қылмыстық істі тоқтату туралы шешімді қабылдаған.

Қылмыстық іске қатысы бар деп күдіктелген 5 тұлғаға қатысты терегушімен тоқтату туралы шешім қабылданған. Яғни қала прокуратурасымен бізге жолданғаннан кейін толықтай қосымша зерделенетін болады,

деді қала прокурорының орынбасары Серік Ищанов.

 

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago